Астана – елімнің жүрегі

03.07.2026 16:20 Администратор библиотеки
Астана – елімнің жүрегі

Орталық саябақта Қазақстан Республикасының елордасына арналған «Астана – елімнің жүрегі» атты танымдық сағат өтті.
Іс-шара барысында келушілер Астананың қалыптасу тарихы, бүгінгі даму кезеңі, сәулет өнері мен еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызы туралы ақпарат алды. Сондай-ақ елорданың тәуелсіз Қазақстанның символына айналу жолы мен көрікті орындары таныстырылды.
Қатысушыларға Астананың тарихы, мәдениеті, сәулеті және жетістіктері туралы кітаптар мен танымдық басылымдар ұсынылған әдебиеттерге шолу ұйымдастырылды. Іс-шара оқырмандардың елорда тарихына деген қызығушылығын арттырып, танымдық дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.
Қатысқан баршаңызға алғысымызды білдіреміз!

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР