«Ах, қандай ғажайып мезгіл!»
Кітапханада ең жарқын әрі көңілді мезгіл – жазға арналған «Ах, қандай ғажайып мезгіл!» атты ойын-сауық бағдарламасы өтті. Балалар қызықты ойындарға қатысып, жұмбақтардың шешуін тауып, зейін мен жылдамдықты қажет ететін тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, көңілді әуен ырғағымен би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі сәттерге бөленді. Шара барысында қатысушылар шығармашылық қабілеттерін танытып, түрлі-түсті «Кемпірқосақ» қолөнер жұмысын жасады. Іс-шара достық пен қуанышқа толы атмосферада өтіп, балаларға жарқын әсер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады.