VR-да шығармашылық жасаймыз
Кітапханада «VR-да шығармашылық жасаймыз» атты практикалық ойын өтті. Қатысушылар виртуалды шындықтың мүмкіндіктерімен танысып, цифрлық шығармашылыққа қадам жасап, цифрлық суретші ретінде өз шығармашылық жұмыстарын жасап көрді. Іс-шара жаңа білім алуға, қиялды дамытуға және жарқын әсер алуға мүмкіндік берді. Белсенді қатысып, шығармашылық танытқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!