«Жаңа мүмкіндіктерге қадам» клубтың қорытынды шарасы

20.05.2026 13:38 Администратор библиотеки
«Жаңа мүмкіндіктерге қадам» клубтың қорытынды шарасы

Шараны жетекші ашып, қатысушыларды қарсы алып, шараның мақсаты мен маңыздылығына тоқталды. Келесі бөлімде клубының жыл бойғы жұмысына шолу жасалды. Шолу барысында клуб аясында өткізілген түрлі кездесулер, танымдық сағаттар, тренингтер мен ойындар туралы мәлімет берілген бейнеролик қойылды. Одан әрі «Мамандықты тап» атты ойын ұйымдастырылды. Клуб мүшелері берілген сипаттамалар арқылы мамандық түрлерін анықтап, белсенділік танытты. «Менің болашақ мамандығым» бөлімінде қатысушылар өз таңдаған мамандықтары туралы ой бөлісіп, оның ерекшеліктері мен маңыздылығын атап өтті. Шара барысында мамандық таңдаудағы қиындықтар мен дұрыс шешім қабылдау мәселесін көрсететін шағын бейнеролик ұсынылды. Сондай-ақ, сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оқушылар мамандықтарға қатысты өз пікірлерін білдірді. Шара соңында жетекші қорытынды сөз сөйлеп, әр адамның өз қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдауы маңызды екенін атап өтті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР