Сөз шеберлері: кітаптар мен есімдер

11.03.2026 17:28 Администратор библиотеки
Сөз шеберлері: кітаптар мен есімдер

Әдеби сағатта кітапхана қызметкері кіріспе сөзінде 3 наурызда әлемде Дүниежүзілік жазушылар күні атап өтілетініне тоқталды. Бұл мереке 1986 жылы PEN International бастамасымен бекітілгенінен хабардар етті. Шара барысында шет ел және қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерін таныстырды. Оқушылардан білетін жазушыларын, олардың шығрмаларын сұрады. Әдеби сағатты ұйымдастырушы кіріспе сөзбен ашып, 3 наурыз – Дүниежүзілік жазушылар күніне тоқталды. Жазушылардың қоғамдағы рөлі, сөз құдіреті және кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтылды.Шара барысында қазақ және әлем әдебиетінің көрнекті қаламгерлері туралы мәлімет беріліп, олардың шығармаларынан үзінділер оқылды. Қатысушылар кітап көрмесімен танысып, өз пікірлерін білдірді. Оқушылар/қатысушылар «Менің сүйікті жазушым» тақырыбында ой бөлісіп, өлеңдер оқыды. Қатысушылар жазушылар шығармашылығына қызығушылық танытып, кітап оқудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар өлеңінен үзінділер оқып, өз пікірлерімен бөлісті. Еркін пікір алмасу барысында өлеңнің тәрбиелік мәні мен қазіргі заманмен сабақтастығы туралы сөз қозғалды. Іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара ұлттық әдебиетті насихаттауға және рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қоспақ.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР