Виртуалды әлемдегі басқатырғыштар
Біздің кітапханада «Виртуалды әлемдегі басқатырғыштар» атты виртуалды экскурсия өтті. Шара барысында қатысушылар логика, жұмбақтар және интеллектуалдық тапсырмалар әлеміне қызықты саяхат жасады. Қатысушылар түрлі басқатырғыштарды шешіп көріп, өз білімдері мен қабілеттерін сынап көрді. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, тапқырлығы, зейіні дамып, білімге деген қызығушылығы артты. Іс-шара достық әрі белсенді атмосферада өтті. Экскурсия соңында қатысушылар интеллектуалдық ойындар әлемі өте қызықты әрі танымдық екенін түсінді.