«Жасыл әлемнің тыныс-тіршілігі»
Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының кітапханашылары балалар алаңдарының бірінде өсімдіктердің таңғажайып әлеміне арналған «Жасыл әлемнің тыныс-тіршілігі» атты ашық аспан астындағы кітапхана алаңын ұйымдастырды. Балалар гүлдер, ағаштар және сирек кездесетін өсімдіктер туралы қызықты балалар кітаптарымен танысты. Әдебиеттерге шолу барысында табиғат жайындағы түрлі-түсті энциклопедиялар, танымдық басылымдар мен көркем шығармалар ұсынылды. Жас оқырмандар жарқын иллюстрацияларды қызығушылықпен тамашалап, экзотикалық өсімдіктер туралы тың мәліметтер алып, өз әсерлерімен бөлісті. Кітапханашылар балалар үшін «Өсімдікті тап» және «Жеті түсті гүл шақырады» атты қызықты байқаулар дайындады. Ойын барысында қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтардың шешуін тауып, ертегілердегі гүлдер мен ағаштарды еске түсірді. Табиғатты қорғау мен ормандағы тәртіп ережелеріне арналған «Егер мен орманға барсам...» атты көңілді ойын балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Кездесу соңында кітапханашылар балаларға қызықты жазғы демалыс, әсерлі кітаптар мен жақсы көңіл-күй тілеп, табиғатқа деген сүйіспеншілік әрбір игі істен және қоршаған ортаға қамқор көзқарастан басталатынын еске салды.