Сандар сиқыры: қызықты математика

03.11.2026 09:11 Администратор библиотеки
Сандар сиқыры: қызықты математика

№16 кітапхана-филиалында «Сандар сиқыры: қызықты математика» атты ойын-викторина өтті. Бүлдіршіндер математикалық жұмбақтарды қызыға шешіп, геометриялық пішіндерден пазлдар құрастырды, ертегі кейіпкерлерін санады және зейін мен логикаға арналған қызықты тапсырмаларды орындады. Іс-шара көңілді әрі тартымды өтті. Балалар математиканың қызықты да ғажайып әлем екенін түсінді. Сонымен қатар «Санасаң да тауыса алмайсың: ертегідегі сандар» атты әдебиеттер көрмесі ұсынылды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР