«Кітаппен шуақты кездесу»
10 маусым күні №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері үшін «Кітаппен шуақты кездесу» атты ойын-викторина өткізді. Балалар «Ертегіде сыр бар», «Өлеңдер әлемінде», «Суретті құрастыр», «Крыловтың хайуанаттар бағы» және басқа да қызықты байқауларға белсене қатысты. Сондай-ақ «Әдеби тексеруші», «Айна әлемі», «Ажырамас достар» атты тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Іс-шара қуаныш пен шабытқа толы атмосферада өтіп, балаларға кітаптың жаңа жаңалықтар мен жарқын әсерлерге толы ғажайып әлем екенін сезіндірді. Шара барысында «Ертегілердің сиқырлы әлемі» атты әдебиеттерге шолу ұсынылып, жас оқырмандар қызықты кітаптармен танысты.