«Жаз кітаппен қызығырақ»
Қаланың орталық саябағында кітапханашылар жазғы оқу залын «Жаз кітаппен қызығырақ» тақырыбында сауалнама ретінде өткізді. Шара барысында қатысушыларға сауалнама сұрақтары оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын, оқу жиілігін, сүйікті жанрларын және кітапхана қызметіне қатысты пікірлерін анықтауға бағытталды.
Қатысушылар кітап оқу дағдылары, бос уақыттарын өткізу ерекшеліктері, кітап таңдау тәсілдері және жазғы демалыс кезінде оқуды жоспарлаған кітаптары туралы өз ойларымен бөлісті.
Сауалнама нәтижесінде қатысушылардың басым бөлігі кітап оқудың білім көкжиегін кеңейтетінін, сөздік қорды байытатынын және ойлау қабілетін дамытатынын атап өтті. Сонымен қатар кітапханадағы зияткерлік ойындар, кітап талқылаулары мен шығармашылық кездесулерге қызығушылық танытқандары анықталды.
Сауалнама нәтижелері жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығы бар екенін көрсетті. Қатысушылар кітапхананың мәдени-ағартушылық іс-шараларына белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Алынған ұсыныстар алдағы уақытта кітапхана жұмысын жетілдіруде ескерілетін болады.