Таңдау лабиринті: сенім, ақыл және қауіпсіздік

11.02.2026 17:30 Администратор библиотеки
Таңдау лабиринті: сенім, ақыл және қауіпсіздік

№2 кітапхана-филиалында ШТК студенттері үшін экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға арналған «Таңдау лабиринті: сенім, ақыл және қауіпсіздік» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар:

  • экстремизм мен терроризмнің не екендігін және олардың қоғам үшін неліктен қауіпті екенін;
  • радикалды ықпал мен манипуляция белгілерін қалай тануға болатынын;
  • күнделікті өмірде және цифрлық кеңістікте қауіпсіздікті сақтаудың негізгі ережелерін талқылады.

Сондай-ақ шынайы ақпаратты деструктивті идеялардан ажырата білу, азаматтық ұстанымды сақтау және арандатушылыққа берілмеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР