Қазақстанның киелі жерлері

10.11.2026 09:43 Администратор библиотеки
Қазақстанның киелі жерлері

№13 балалар кітапхана-филиалының қызметкері әлеуметтік желі қолданушыларына арнап «Қазақстанның киелі жерлері» атты бейнеролик әзірледі. Қазақстанның киелі жерлері – халқымыздың тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани құндылықтарды сақтаған қасиетті мекендер. Бұл орындар адамдарға рухани күш беріп, жан дүниесіне тыныштық пен үйлесім сыйлайды.
Бейнеролик арқылы сіздер Арыстан баб пен Қожа Ахмет Ясауи кесенелерінің тарихымен танысып, Жылақ ата қасиетті бұлағы туралы қызықты мәліметтерге қанығасыздар.
Бұл бейнеролик туған мәдениетіміздің бастауына үңіліп, Қазақстанның рухани мұрасына құрметпен қарауға жетелейді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР