Оқитын ұлт
21 қазанда Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалында «Оқитын ұлт» республикалық оқу марафонына арналған «Бірге оқимыз» атты дауыстап оқу шарасы өтті. Іс-шараға бірнеше отбасы қатысты. Кітапханашы марафонның мақсаттарымен таныстырып, оның «Оқитын әулет» санаты туралы айтып, осы санат аясында оқуға ұсынылған кітаптарға шолу жасады. Содан кейін қатысушыларға Д. Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасынан үзінді тыңдау ұсынылды. Кездесу барысында отбасылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы әсерлерімен бөлісіп, оқырмандық талғамдарын айтып, ұрпақтарды жақындастырып, бірге уақыт өткізуге мүмкіндік беретін отбасылық кітап оқудың маңызы туралы ой қозғады. Іс-шара жылы әрі жанға жайлы атмосферада өтіп, қатысушыларға кітаппен және бір-бірімен қарым-қатынас жасаудан қуаныш сыйлады.