Туған жер – сөз бен әуенде

21.10.2026 17:17 Администратор библиотеки
Туған жер – сөз бен әуенде

Қазақстан Республикасының Республика күні қарсаңында №1 кітапхана-филиалында №7 ЖББМ оқушыларымен туған жерге деген сүйіспеншілікке, еліміздің тарихы мен мәдени мұрасына арналған «Туған жер – сөз бен әуенде» атты әдеби-сазды сағат өтті. Оқушылар ұлы қазақ ақындарының поэзиялық мұрасымен танысып, ұлттық музыка әуендерін тыңдады, танымдық викторинаға қатысып, әрқайсысы үшін Отанның нені білдіретіні туралы өз ойларымен бөлісті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР