Жазушы Жанар Әбдішованың өмір өрнектерін шынайы суреттеген заманауи шығармалары республикалық баспасөз беттерінде жиі жарияланып, көпшіліктің жүрегіне жол тауып, танымал болды. Әдебиет сүйер қауым кітаптары жарық көргенде өте жылы қабылдады. Автордың ерекшелігі - қысқа әңгімелерінде көкжөтелдей тақылдатып, жетелей отырып, кейіпкерлерінің бар болмысын, жан-дүниесін оқырмандардың алдына жайып салып, еліктіріп, болып жатқан жайтқа қанықтырып, өзі араласып отырғандай күйге түсіріп, бірақ шығарады. «Қыз арманы» атты кітабы әңгімелер жинағынан тұрады. Тақырыбы әр алуан, замандастарымыздың басынан өткен жай-күйлері, тығырықтан шығар жол іздеген сәттері шынайы, шымыр оқиғалармен өріліп, нанымды бейнеленген. Негізгі кейіпкерлері - әйелдер. Көлемі жағынан қысқа жазылған әңгімелерінің қай - қайсысы да жүрекке жол тауып, оқырманын селқос қалдырмайды, еліктіріп, тартымды оқылады, тілі шұрайлы, көркем.
Әбдішова Ж. Қыз арманы: әңгімелер жинағы. – Алматы: Болашақ - Баспа, 2025. - 240 б.
Категория: проза
Год: 2025
Место хранения: аб, ф1, ф2, ф8, ф16