Суретші Жеңіс Кәкенұлының шығармашылық әлемі соны, көп қырлылы һәм сан-салалы. Картиналарынан халқымыздың ұлттық құндылықтары көрініс табады. Оның палитрасында түрлі жанрлар кедергісіз қатар өріледі. Құстар мен жан-жануарлар, таңбалы тас, шимай әлемі адам образымен шекарасыз астасады. Қазақтың бейнелеу үдерісіне, өркендеп, дамуына үлес қоса отырып, батыл тәжірибелер де ұсынады. Бейнелеу әлемінің кескіндеме мен графика саласы кезек алмасып, көруші көңіліне барақат сыйлайды. Көрермен мен суретшілер арасын кәміл байланыстыратын бұл альбом жалпы өнерсүйер қауымға арналған.
Нұрлыбаев Ж.К. Кескіндеме және графикалық шығармалар альбомы. – Алматы: Sardar G, 2025. - 160 б.
Категория: искусство
Год: 2025
Место хранения: аб, ф1, ф2, ф8