Кітапта қазақ тілін индустриялы қоғамның нормаланған әдеби тілі ретінде дамытудың ғылыми жолдары қарастырылады. Тіл, ой, мәдениет арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ашу арқылы қазақ рухани-ятының казіргі күйіне сипаттама беріледі. Президент Қ.-Ж. Токаевтың сілтеуі бойынша, Еуропа елдерінің лингвистика ғылымдарының әмбебап қорытындылары тұрғысынан, қазақ тілінің, ойының және оның жемісі болып отырған ұлттық мәдениеттің мәселелеріне талдау жасалады. Тіл стандарты, толыққанды тілдік орта қалыптастыру, тіл контентінің сапасын көтеру арқылы қазақ тілін үйренуге қажеттілік тудыру жолдары қарастырылады. Тілдің философиялық мәселелері мәдениет туындыларының, білім беру және баспасөз контентінің сапасы мен мазмұны заманауи азаматтың рухани қажеттіктерін қанағаттандыру тұрғысынан зерделенеді. Тіл мәселесін шешудің тың жолдары ұсынылады.
Жүкеш Қ. Тіл, ой, мәдениет категориялары: индустриялы қоғамда әрекеттесуі Жүкеш. - Алматы: Баспа, 2025. - 360 б.
Категория: культура
Год: 2025
Место хранения: аб, ф1, ф2, ф8, ф16