Батпырауық қуған бала
Автор Хоссейни Х.

Халед Хоссейнидің «Батпырауық қуған бала» атты романы сиясы кеппей жатып, талғамы биік оқырман қауымның жоғары бағасын алып үлгерген. Романның негізгі тіні — Әмір мен Хасеннің тағдыры. Батпырауық қуып жарысқан Әмір мен Хасеннің тағдыры да жел ұшырған батпырауықтай заманның аласапыранымен әр тарапта әр қилы жалғасты. Романда тек осы екеуінің ғана емес, пуштун мен хазардың, үстем тап пен қараша халықтың, тәліптері бар, басқа да саяси-әскери төңкерістерді бастан кешкен Ауғанстанның қасіреті баяндалған. Әр тарау сайын оқиғалар күрт өзгеріп, шарықтап отырады. Шынайы достық, адалдық пен сатқындық, ақталу мен мойындау шынайы да, шебер берілген. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

Хоссейни Х. Батпырауық қуған бала: роман. – Астана: Фолиант, 2025. – 368 б. – (Үздік шетел әдебиеті). 

Категория: художественная литература
Год: 2025
Место хранения: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16    

ВАЖНЫЕ ССЫЛКИ