18 қазанда №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері ақпараттық мәдениет айлығы аясында №11 ЖББМ 1-сынып оқушыларына «Кітаптар тұратын үй» театрландырылған экскурсиясын өткізді. Кітапханашы «кітапхана» сөзінің мағынасы, Абонемент және оқу залы, оқырман формуляры туралы айтып берді.
Кітаппен жұмыс істеу ережелерін, кітапханадағы тәртіп ережелерін түсіндіріп, әдебиет қорымен, мерзімді басылымдармен таныстырды. Балалар «Кейіпкерді тауып ата», «Еертегі заттарын тап» викториналарына, «Иә-жоқ!» ойынға қатысты. Іс-шара соңында барлық балалар «Мен оқырманмын!» деген медаліне ие болып, кітаптарды қорғауға ант берді.