Последнее обновление: 06 Февраля 2024 10:46, Просмотров (8696), Печать
Бекітемін
«Шахтинск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
басшысы
___________________С. Ибраева
2024ж. « __ »_________________
Шахтинск қаласының әкімдігі
Шахтинск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру
және спорт бөлімінің
«Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
КІТАПХАНАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 «Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ (бұдан әрі – «Шахтинск ОКЖ» КММ) кітапханаларын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Аавторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шахтинск ОКЖ» КММ жарғысына және кітапхана саласындағы басқа да нормативтік актілерге сәйкес әзірленді.
1.2 «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханалары, олардың билігінде тұрған ақпараттық ресурстар мен кітапхана қорларын жалпыға пайдалануды ұйымдастырады.
1.3 «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханалар қорлары Қазақстан Республикасының коммунальдық-мемлекеттік меншігіне жатады және мемлекеттің қорғауына жатады.
1.4 «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханаларына Қазақстан Республикасы азаматтарын экономикалық, рухани және әлеуметтік дамыту мақсатында кітапханалық қорлар мен ақпараттық ресурстарды нәтижелі пайдалануды қамтамасыз ету талап етіледі.
1.5 «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханалары- көпшілікке қолжетімді, яғни қорларды пайдалануда барлық азаматтарға бірдей, шектеусіз қызметтер ұсынылады, сондай-ақ заңды тұлғаларға олардың ұйымдық-құқықтық түрлері және меншіктік түрлері еркін. «Шахтинск ОКЖ» КММ қорларына қолжеткізу мүмкіндігі мен оларды ұсыну жағдайлары «Шахтинск ОКЖ» КММ Жарлығы мен осы Ережелермен белгіленеді.
2. КІТАПХАНАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
2.1 Кітапханаларды пайдаланушылардың құқықтары:
1) Кітапхана қорларынан құжаттарды уақытша пайдалануға тегін алу.
2) Кітапхананың электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізу.
3) Кітапханада еркін жұмысқа арнайы орнатылған техниканы пайдалану, пайдаланушылардың құқығын бұзбайтын және кітапхана жұмысына кедергі келтірмейтін жағдайда жеке техниканы пайдалану.
4) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес (24-бап 4-тармақ) уақытша тұратындар (демалыста, іссапарда, каникулда және т.б. жүрген) шектеусіз уақытша пайдалану үшін кітапхана қорынан кепіл сомасына құжаттар ала алады.
5) Ақпарат көздерін іздеуде және таңдауда консультациялық көмек алу.
6) 15 күн мерзімге (балаларға-10 күнге) 5 баспа туындысы мен өзге де құжаттарды үйге алу. Жоғары сұраныстағы құжаттарды пайдалану мерзімін кітапхана белгілейді.
7) Құжаттарды алған кезде қарап шығу және қандай да бір ақаулықтар анықталған жағдайда бұл туралы кітапханашыға хабарлау керек, ол құжат формулярында тиісті белгі жасауға міндетті.
8) Басқа пайдаланушылар тарапынан сұраныс болмаса, құжаттарды пайдалану мерзімін негізгі мерзім өткеннен кейін 15 күнге бір рет ұзарту (жеке түрде, телефон арқылы, online ұзарту, сайт: http://shahtinsklib.kz/).
9) Кітаптардың, мерзімді басылымдардың, еске салғыштардың жаңа түсімдері туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы электрондық поштаға жіберу қызметін пайдалану.
10) Мазмұны мен бағыттылығына халықаралық және қазақстандық заңнамамен тыйым салынған сайттарды көруден басқа Интернет ресурстары қызметін тегін пайдалану (кітапхана кітапхана сайтында орналастырылған ақпараттан басқа Интернет желісінде ұсынылған ақпаратқа жауапты емес).
11) Сайтта http://shahtinsklib.kz орналасқан ақпараттық ресурстарды, қызметтерді (online кітаптарын ұзарту, виртуалды анықтама, құжаттарды электронды жеткізу және т.б.) пайдалану.
12) Мүгедектігі бар адамдар мен егде жастағы адамдар арасынан сырттай, стационарлық емес және online қызмет көрсету нысандары арқылы қорларға қол жеткізуге.
2.2 «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханаларының пайдаланушылары міндетті:
1) Абонементтерде кітаптарды жазу, қайта тіркеу және беру кезінде жеке куәлікті (түпнұсқа немесе электрондық нұсқа) көрсету, пайдаланушының тіркелген жері туралы мәліметтерді бір рет алуға sms-келісім беру, оқырманды сәйкестендіру үшін формулярға жеке қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. 16 жасқа дейінгі балалар өздерінің заңды өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжаттар және олардың кепілгерлігі негізінде жазылады.
2) Кітапхана қорынан алынған құжаттарға ұқыпты қарау.
3) Құжаттарды белгіленген мерзімде қайтаруға, ал қажет болған жағдайда бұл мерзімді уақтылы ұзартуға міндетті.
4) Егер оқырман формулярында жазылмаған болса, кітапханадан сыртқа құжаттарды шығаруға болмайды.
5) Басылымдарды жоғалтқан немесе бүлінген жағдайда, кітапхана тең құнды деп таныған басылымдарды ауыстыру.
6) Кітапхана мүлкіне ұқыпты қарау, кітапхана бөлмелерінде жалпы тәртіпті сақтау.
7) Гардеробта сыртқы киімдерді, бас киімдерді, 20х30 см мөлшерден асатын сөмкелерді, мөлдір емес полиэтилен пакеттерді, кітапханаға тиесілі емес құжаттар мен заттарды қалдыру.
8) «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханаларын пайдалану ережесін сақтау міндетті, оларды бұзғаны үшін оқырман кітапхана белгілеген мерзімде кітапхана қорларын пайдалану құқығынан айырылуы мүмкін.
3. «ШАХТИНСК ОКЖ» КММ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1 «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханалары құқылы:
1) Заңды және жеке тұлғалармен арнайы шарттар негізінде кітапхана қорларын пайдалану шарттарын анықтау («Шахтинск ОКЖ» КММ Жарғысы негізінде).
2) Пайдаланушылардың кітапханаға берген құжаттарын уақытында қайтаруын бақылау.
3) Оқырмандардың электронды поштаға әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы (Қарыз туралы, жаңа кітаптар туралы, іс-шараларға шақыру және т. б. туралы) ақпарат беру.
4) Қайтару мерзімдерін жүйелі түрде бұзғаны үшін құжаттар санын беруді шектеу.
5) Сирек және құнды басылымдарды ұсыну кезінде кепіл сомасын, пайдаланушылардың кітапхана қорына келтірген залалының өтемақы мөлшерін айқындау.
6) Жеке тұлғалар мен ұйымдардан әдебиетті сыйға алу.
3.2 «Шахтинск ОКЖ» КММ кітапханалары міндетті:
1) Кітапхана қорларынан құжаттардың ақпаратына еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету.
2) Абонементтер мен оқу залдарында толыққанды жұмыс істеу үшін кітапхананың әрбір пайдаланушысына қолайлы жағдай жасау.
3) Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды санамағанда, кітапхана пайдаланушыларының дербес деректері туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтау.
4) Пайдаланушыларды кітапхананы пайдалану ережесімен уақтылы таныстыру.
5) Кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз ету, қажетті кітаптарды, басқа да баспа шығармаларын және басқа да материалдарды таңдауға көмек көрсету.
6) Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау, кітапхана жұмыс режиміндегі өзгерістер мен қызмет көрсету тәртібі туралы хабарландыру орналастыру арқылы хабарлау (кітапхана бөлмелерінде, сайтта, әлеуметтік желілерде).
7) Төтенше жағдайлар кезінде кітапханаға келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.