Жас ақын Айзада Рахымжанованың «Сарыарқаның жаңбыры» жыр жинағы туған жер мен ата-анаға деген сүйіспеншілік, достық пен махаббат, тұмса табиғат пен тіл құдіреті жайлы сыр,шертетін нәзік туынды. Бұл кітапта ақынның жан дүниесі терең ашылып, өзгеге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы көрініс тапқан. Әр өлеңінен кіршіксіз тазалық пен кемелдікке деген ұмтылыс байқалады. Аталмыш кітап - өлең мен сөз өнерін сүйетін, әдебиеткеқызығатын қалың көпшілікке арналады.
Рахымжанова А. Сарыарқаның жаңбыры: өлеңдер. – Алматы: Қазақстан Жазушылар одағы, 2025. – 296 б. – (Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы.Ұлытау облысы).
Категория: поэзия
Год: 2025
Место хранения: аб, ф1, ф2, ф8