Белгілі жазушы Елдос Тоқтарбайдың архив құжаттары негізінде деректі һәм хроникалық жанрда жазған «Арғы жағы Хазардың, бергі жағы...» деген романына қазақтың тұңғыш басылымы саналатын «Қазақстан» газетінің тарихы ар-кау болған. Сондай-ақ кітапқа «Қазақстан» газетін шығарған және қаржылай қолдаған азаматтар мен әзербайжан ұлтының зиялылары туралы эссе-дәйектемелер, жолжазба енген. Кітап әдебиетсүйер окырманға, ұлттық баспасөз саласын зерттеуші ЖОО-ның студенттері мен магистранттарына арналған.
Тоқтар Е.Арғы жағы Хазардың, бергі жағы...1911-1913 жылдары шыққан қазақтың тұңғыш газеті "Қазақстан" тарихы: тарихи хроника. – Алматы: Қазақстан Жазушылар одағы, 2025. – 296 б. – (ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары. Баку (Әзербайжан)).
Категория: история
Год: 2025
Место хранения: аб