Мақсат Тәж-Мұраттың «Бабалар аты барған жер: Армения сапары» еңбегі автордың Арменияга жасаған зерттеу сапары нан туған ғылыми-танымдық жазба. Кітапта жазушы армян ар-хивтері, Матенадаран, ұлттық кітапханалар мен ғылыми орта-лықтардағы қыпшақтарға қатысты деректерді зерделеп, көне қолжазбалардың жай-күйін қарастырады. Армения жеріндегі бұрынғы қыпшақ қоныстары, тарихи шіркеулер, көне жазулар, жергілікті халық жады мен ауызша мәліметтер негізінде кып-шақтардың тағдыры, олардың аймақтағы іздері, ассимиля-циясы жөніндегі ғылыми болжамдар сарапталады. Сондай-ақ түркі-армян мәдени ортақтастығы, тілдік және тарихи байланыс-тар, армян-қыпшақ жазбаларының табиғаты, олардың дұрыс зерттелу қажеттігі көтеріліп, армян және қазақ ғалымдарының өзара ынтымақтастығы туралы ойлар ұсынылады. Еңбек қыпшақ мұрасын жаңа қырынан танытып, тарихи деректерді жүйелі талдауға бағытталған зерттеу.
Тәж-Мұрат М. Бабалар аты барған жер: Армения сапары. – Алматы:Қазақстан Жазушылар одағы, 2025. – 240 б. – (ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары. Ереван (Армения)).
Категория: всемирная история
Год: 2025
Место хранения: аб