Кітапта Астрахан өңіріндегі қазақтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті мен баспасөзіне қатысты тың деректер қамтылған. ХХ гасырдың басындағы «Кедей тілі» және казіргі «Ақ арна» газеттерінің мазмұны талданып, қазақ шаруалары мен балыкшыларының тұрмысы, мадени өмірі сипатталады. Сондай-ақ татар ағартушысы А.И. Умеровтің қазақ балаларын окытуы, оның баспасынан шыққан қазақ кітаптары мен Бөкей ханның пірі Сейіт-Баба туралы еңбектер карастырылған. Құрманғазының өміріне қатысты жана деректер ұсынылып, тың тұжырымдар жасалған. Сонымен қатар Астрахандағы казақ әдебиетінің өткені мен бүгіні сараланып, ноғай ғалымы А.Ш.Жәнібековтің жинағындағы қазақ жырлары алғаш рет аударылып берілген. Кезіндегі Астрахан өңірі мен Ішкі (Бөкей) Ордада өршіген түрлі жұқпалы ауруларға қатысты архивтік материалдар да пайдаланылды.
Мырзақұл Б. Еділ, Жайық-екі су...( Астрахан өңері): әдеби-танымдық зерттеу .Мырзақұл. – Алматы:Қазақстан Жазушылар одағы, 2025. – 328 б. – (ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары. Астрахан (Ресей)).
Категория: история
Год: 2025
Место хранения: аб