Қазақстан Жазушылар одағының, ҚР Ұлттық құндылыктар академиясының, «Qyr balasy» ҚҚ Басқарма мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, постдокторант, жазушы-драматург, әдебиеттанушы-ғалым, сыншы, алаштанушы, аудармашы Әлібек Байболдың бұл еңбегінде Қазақстан мен Грузия арасындағы рухани, мәдени, әдеби, тарихи байланыс турасында сыр шертілген, қос елдің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалары жайында жан-жақты баяндалған. Кітап Тбилиси архив, кітапханаларының құжаттары негізінде дайындалды. Туынды бауырлас екі ел мәдениеті мен әдебиетіне, тарихына қызығушылық танытқан көпшілік оқырман қауымға арналады.
Байбол Ә.Тифлистегі қаламгерлер тағдыры:(Қазақстан мен Грузияның әдеби- мәдени
байланыстары хақындағы миниатюралық-хроникалар эсселер. 1930-1938 ж.). – Алматы: Қазақстан Жазушылар одағы, 2025. – 296 б. – (ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары.Тбилиси (Грузия)).
Категория: Литератураведение
Год: 2025
Место хранения: аб