Льюис Кэрроллдың қазақ тіліне аударылған «Алиса Айна ішіндегі тылсым елде» (Алиса айнадан тыс) кітабы 1871 жылы жазылған классикалық шығарма болып табылады, Ертегіге 155 жыл толады. Бұл XIX ғасырда жазылған ең танымал ертегілердің бірі.
Бұл қызды білмейтін жан жоқ шығар, бірде ол қоянның ініне түсіп кетіп, «Ғажайыптар еліне» тап болған еді, ал осы жолы айнаның ішінен бір-ақ шықты! Оның аты Алиса. Ол салт-дәстүр қатты құрметтелген, әдептілік заңы қатаң сақталған викториан дәуіріндегі Англияда өмір сүреді. Мұнда гүлдердің тілін және қол алысу өнерін, сондай-ақ теміржолда жүру ережелерін үйреніп қана қоймай, Пешкадан Патшайымға айналу жолын жүріп өтесіз. Сондай-ақ кітаптан көбелек моржбен жұп құра ала ма, балықпен не туралы сөйлесу керек, устрицалар джига билей ме, шоколадты қашан ойлап тапты, маркизді бароннан қалай ажыратуға болады, арыстан не себепті сыңармүйізбен төбелеседі деген сияқты қызық сұрақтарға жауап табуға болады.
Кэрролл Л. Алиса Айна ішіндегі тылсым елде: ертегі. – Астана: Фолиант, 2023. – 188 б.
Категория: сказка
Год: 2023
Место хранения: ф8, ф1, ф12, ф13, ф16, ф11