Қалалық газеттің электрондық мұрағаты (1973–2023)

Шахтинск қаласында қалалық газеттің пайда болу тарихы 1962 жылдан басталады. Біздің қалада өз типографиясы болды. Алғашқы саны 1962 жылдың 5 шілдесінде жарық көрді. 1962–1963 жылдары газет аптасына 3 рет шығып тұрды. Он жылдан кейін, 1973 жылы Шахтинск өңірінде қайтадан өз газеті – көптиражды басылым пайда болды. Оның шығарылымымен В.И. Ленин атындағы шахта айналысты, ал газеттің атауы «Шахтёрский маяк» болды. Ол кезде газет 2 беттен тұрып, шахтаның қызметі мен кеншілердің өмірі туралы баяндайтын. 1980-жылдары газетте қала өмірі туралы ақпараттар жариялана бастады. Сол кезде қалаға өзінің жеке газеті қажет екені айқын болды.
1990 жылғы 22 қарашада қалалық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің шешімімен көптиражды газет негізінде «Шахтерский маяк» қалалық газеті құрылды. 1991 жылдың қаңтар айында оның алғашқы саны жарық көрді. Газет аптасына 2 рет шығып, жазылушыларының саны көп болды. Басылымның құрылтайшылары қалалық кеңес пен партияның қалалық комитеті болды. «Шахтерский маяк» газетінің бас редакторы болып бұған дейін шахтаның көптиражды газетін басқарған Дяченко Лидия Николаевна тағайындалды. Кейін қалалық апталық газеттің тізгінін Досимова Натэлла Анатольевна, Багина Ирина Николаевна, Масс Антонина Николаевна, Кошегенова Валентиина Антоновна, Сенягина Эльвира Леонардовна ұстады.
1996 жылы «Шахтерский маяк» қалалық газеті «Шахтинский вестник» болып аталды. Осы уақыт аралығында газет беттерінде Шахтинск өңірінің қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірі кеңінен жарияланып отырды. Аймақтың өзекті мәселелері көтеріліп, шахтиндіктердің жетістіктері мен табыстары туралы материалдар жарық көрді.
2013 жылдың желтоқсан айында «Шахтинск ОКЖ» КММ мен газет редакциясы арасында ағымдағы жылға арналған «Шахтинский вестник» газетінің электрондық нұсқаларын ұсыну және өткен жылдардағы сандардың электрондық мұрағатын «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтында құру туралы келісімшарт жасалды. Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың қорында 1978 жылдан бастап «Шахтерский маяк» газетінің тігінділері сақтаулы.
2021 жылы газет жеке меншікке өтті.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Шахтинский вестник» газетінің «Шахтинск ИНФО» ЖШС құрамындағы қызметі жойылуына байланысты тоқтатылды.

 

 

«ШАХТЁРСКИЙ МАЯК» ГАЗЕТІНІҢ АРХИВІ

«ШАХТЁРСКИЙ ВЕСТНИК» ГАЗЕТІНІҢ АРХИВІ

1996 жылы қалалық «Шахтёрский маяк» газеті «Шахтинский вестник» болып аталды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР