«Тарих тағылымы: террор құрбандарын еске аламыз» пікір алмасу сағаты
Халықаралық терроризм құрбандарын еске алу күніне орай тарихи естелікті сақтау, бейбітшілікті дәріптеу және зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында пікір алмасу сағаты ұйымдастырылады. Іс-шара барысында қатысушылар терроризмнің адамзатқа әкелген қасіреті туралы мәлімет алып, тарихтағы қайғылы оқиғаларға шолу жасайды. Олар бейбітшілік пен қауіпсіздіктің, адам өмірі мен өзара сыйластықтың маңызын талқылайды. Кездесу соңында қатысушылар террор құрбандарын еске алып, қазіргі қоғамдағы татулық, төзімділік, жауапкершілік және бірліктің маңызы туралы ой бөліседі.
Время:
11:00
- 12:00
Ұйымдастырушы:
13 балалар кітапхана – филиалы