«Заң еліне саяхат» азаматтық тәрбие сағаты
Балаларға арналған танымдық іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы қызықты әрі түсінікті түрде мәлімет алады. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің мәні мен елдің басты Заңының қоғамдағы рөлі туралы білімдерін толықтырады. Іс-шарада түрлі ойындар, викториналар және интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылып, балалар өз білімдерін тексеріп, заңды құрметтеу, жауапкершілік таныту және өз құқықтарын білу қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Бұл кездесу жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, елінің саналы әрі белсенді азаматы болуға тәрбиелейді.
Время:
11:00
- 12:00
Ұйымдастырушы:
13 балалар кітапхана – филиалы