Тағдыр
Автор Жұмаділов Қ.

   Бірі шығысқа, екіншісі батысқа қарай өлермендене үмтылған Ресей мен Қытайдың Маншың империясы әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы иеліктерін бөлісуге ХІХ-ғасырдың 80-жылдарында ғана мүмкіндік алды. Екі ел арасында тартылған шекара сызығы кең жайылған дала мен асқар тауларды ғана көктей өтіп қойған жоқ, осы өлкені мекендеген қазақ қоныстарын да қақ жарып өтті. Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романында, міне, осы оқиғалар егжей-тегжейлі баяндалады. Романның бас қаһарманы -Демежан тарихта болған адам. Жазушы өз кейіпкерлерінің басындағы трагедиялық халді суреттей отырып, шекара сыртында қалған қазақтардың оқшау тағдырын көз алдыңыздан өткізеді.


Жұмаділов Қ. Тағдыр: тарихи роман. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2026. - 592 б.    

Санаты: тарихи роман
Жыл:2026
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР