Сейітқұл Оспанов (1955-2003) - 30 наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді. 1977 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді.
"Жалын", "Мектеп" баспаларында, "Пионер", "Зерде", "Парасат" журналдарында, "Жетісу" газетінде жұмыс істеді. 1994 — 2003 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында аударма секторын басқарды. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясында қызмет етті.
"Бәйге", "Ащы қауын, тәтті қауын", "Күн көтерілген шақ" атты жыр жинақтары мен "Ағаш ат", "Бақытты үй" "Құлдар көтерілісі" атты проза кітаптарының авторы.
Ағаш ат
Жазушы Сейітқұл Оспановтың жас оқырмандардың ықыласына бөленген «Ағаш ат» кітабын араға уақыт салып ішінара өзгертілген нұсқада балалар назарына қайта ұсынып отырмыз. Шығармалардың көркемдік деңгейі мен ой-сезімі, тәлім-тәрбиелік мәні әсерлі де шынайы. Балалар мен ата-аналардың арасындағы ойға қалдырар қызықты да тосын жәйттер әдемі баяндалған.
Оспанов С. Ағаш ат : әңгімелер, ертегілер мен мысалдар, повестер – Алматы : Жазушы, 2003. – 240 б.
Санаты: повестер
Жыл: 2003
Сақтау орны: кх,1ф, 13ф, 16ф