Биыл қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, балалардың сүйікті ақыны Қастек Баянбаевтың туғанына 90 жыл толып отыр.
Қастек Баянбай (1936-2021) Талдықорған облысы Андреев ауданы Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң колхозда жұмыс істеді.
1960 жылы ол Алакөл аудандық газетінің әдеби қызметкері болды. Кейіннен ол ауданаралық және облыстық газеттердің редакциясында жұмыс істеді. 1971-1976 жылдары «Жазушы» баспасында балалар әдебиеті редакциясын басқарды.
Қ. Баянбаев 1972 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді.
Алпысыншы жылдардың басынан бастап әдеби қызметпен айналысады. Алғашқы өлеңдері «Пионер» журналының, «Қазақстан пионері» және «Лениншіл жас» газеттерінің беттерінде жарияланды.
1962 жылы оның балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы «Сәйгүлік» жарық көрді. Кейінгі жылдары «Солақай қарт» (1964), «Балаларға сыйлық» (1966), «Адамға хат» (1966), «Қайырлы күн» (1969), «Ильич және аңшы» (1970), «Ақ қанатты шағалалар» (1973), «Шатыр астындағы батырлар» (1974), «Ғажайып әлем» (1976), «Ұшқын» (1977), «Құс сүті» (1978) өлеңдер жинақтары жарыққа шықты.
Қ. Баянбаев балалар ақындары С. Даниловтың, 3. Александрованың, И. Токмакованың шығармаларын, А. Бартоның, С. Михалковтың, А. Исаакянның және басқалардың бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне аударып, жеке кітап қылып шығарды.
Қ. Баянбаевтың өлеңдері бастауыш сыныптардың оқу жоспарына енгізілген.
Қастек Баянбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Егіздер
Қастек Баянбай
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, қазақтың көрнекті ақыны Қастек Баянбайдың «Егіздер» дастаны балаларға арналған үздік шығармалары республикалық бәйгесінде бас жүлдеге ие болған. Шығарма желісінің жеңілдігімен, айқын бояуымен, тартымды юморымен жас оқырмандарын баурап алары анық.
Баянбай Қ. Егіздер. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2015. – 24 б.
Санаты: поэзия
Жыл: 2015
Сақтау орны: 1ф, 8ф, 12ф, 13ф, 16ф
Араша
Қастек Баянбай
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қастек Баянбайдың осы кітабына бастауыш сынып шәкірттерінің ұғымына лайықты өлеңдері мен ертектері, жұмбақтары мен жаңылтпаштары жинақталған.
Баянбай Қ. Араша: өлеңдер, ертектер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Алматы: Раритет, 2008. – 256 б.
Санаты: өлеңдер
Жыл: 2008
Сақтау орны: 1ф, 8ф, 12ф, 13ф, 16ф