Журналист, зерттеуші Серікбол Хасан «Уфа. Ғалия. Қазият (әдеби-танымдық зерттеу)» деп аталатын жаңа кітабына Уфадағы «Ғалия» медресесі мен Уфа мүфтилігіндегі Қазақ казияты (бөлімі) жайлы соны ізденісі топтастырылды. Жинақта «Ғалияның» түлектерінің қазақ әдебиетіне, мәдениетіне және жалпы ұлт руханиятына қосқан үлкен үлесі сараланып, олардың өмір жолы мен елге қосқан еңбектеріне талдау жасалады. Сонымен қатар кітапты жазу барысында ұлт зиялыларының ұстаханасы мен қазақтың қазиларына қатысты бұрын бәймәлім болып келген жаңа деректер де қамтылған. Кітап әдебиет зерттеушілеріне, ЖОО-ның студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналған.
Хасан С. Уфа. Ғалия. Қазият: әдеби-танымдық зерттеу. – Алматы: Қазақстан Жазушылар одағы, 2025. – 288 б. – (ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары. Уфа (Ресей)).
Санаты: Әдебиеттану
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб