Еңбекте Астрахан өлкесінің бай тарихы мен рухани бол мысы архивтік құжаттар мен тың деректер негізінде терең зерттелген. Сонымен қатар Еділ бойындағы ежелгі мәдениет пен білім ордаларының қалыптасу тарихы, олардың ұлттық сана мен ағартушылық дәстүрді дамытудағы рөлі кеңінен ашылған. Еділ бойында өмір сүрген жыраулар шығармашылығы әдеби тұрғыдан талданып, жырлардағы елдік рух пен тарихи сана көркемдік қырынан пайымдалған. Алаш қайраткерлері-нің Астрахан топырағындағы ағартушылық және қоғамдық қызметі нақты архивтік деректер арқылы баяндалып, олардың мұрасы ұлт руханиятының алтын арқауы ретінде оқырманға ұсынылған. Бұл еңбек тарих пен әдебиетті тоғыстыра зерделейтін ізденімпаз оқырман үшін арналған.
Еділханұлы Ө. Астрахан айшықтары: әдеби-танымдық зерттеу. –Алматы: Қазақстан Жазушылар одағы, 2025. – 288 б. – (ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары. Астрахан (Ресей)).
Санаты: Әдебиеттану
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб