Кітапта 1900-1930 жылдары Ташкент қаласында казак тілінде (араб, шағатай емлесімен) шыққан басылымдарда Түркістан аймағында өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан қаламгерлердің манызды деген жазбалары басылған. Сонымен бірге басылым бетін көрмей, архив қорларында сақталып жатқан бірнеше жазбалар да жарияланған. Мұндағы авторлардын көпшілігі бүгінгі оқырмандарға таныс емес һәм бірталайынын есім-сойлары тарих шаңына көміліп, кейінгі ұрпақтың санасынан сылынған. Десе де, бұл авторлардың мақалаларының басым бөлігі сол уакыттағы қазақтардың әлеуметтік, тұрмыстық жане саяси өміріне арналып жазылған. Сондай еңбектерде көтерілген мәселелердің көпшілігі осы күндері де маңызын жоймаған деуге болады. Сонымен қатар аталмыш кітапта күллі Алаш жұртына белгілі болған кайраткерлердің де казіргі оқырманға белгісіз болып келген біркатар еңбектері басылған. Кітап кызығушылық таныткан көпшілік окырман қауымға арналады.
Әбдіәкімұлы М. Ташкент қаласында шыққан басылымдардағы қазақ авторларының жазбалары. – Алматы: Қазақстан Жазушылар одағы, 2025. – 240 б. – (ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары. Ташкент(Әзбекстан)).
Санаты: Әдебиеттану
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб