Қанат Қайым
Автор Қанат Қайым

Қанат Қайым (1955 ж.т.) — жазушы, баспагер. Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы Құмкөл ауылында дүниеге келген. 1977 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. Пионерлер үйінің директоры болған. «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақ радиосында» редактор, «Қазақстан мұғалімі» журналының бөлім меңгерушісі, «Алматы ақшамы» газетінде жауапты хатшы, «Балауса» баспасында бас редактор қызметтерін атқарған. «Хиромантия», «Айналайын, абай бол», «Жазып, сызып үйренемін», «Абай бол, жол ашық», т.б. кітаптардың авторы. Республикалық «Астана-Бәйтерек», халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері.

 

«Хиромантия»
Кітапта жеткіншек ұрпақты ақылды, білімді, еңбекқор, әдепті, батыл да өнерлі, жігерлі әрі табанды, тапқыр әрі ізденгіш болуға шақыратын шығармалар топтастырылған. Алуан мінезді ұландардың сан қилы қамқарекеттері шынайы суреттеле отырып, отансүйгіштікке, айнала табиғатқа жанашырлық, жан мен тән тазалығы, қайырымдылық сынды құндылықтарға айрықша көңіл бөлінеді. 
Қайым Қ. Хиромантия: әңгімелер және хикаят. – Алматы: Дәуір, 2024. – 128 б.
Санаты: көркем әдебиет
Жыл: 2024
Сақтау орны: 1ф, 8ф, 11ф ,12ф, 13ф


 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР