Ақын Қарлығаш Қабайдың «Көлеңкесіне кез болған кесіртке» атты поэтикалық жыр жинағы адам болмысы мен руханияттың, миф пен қазіргі уақыттың, тарих пен танымның тоғысқан көркем-философиялық кеңістігі. Кітап атауына арқау болған кесіртке бейнесі түркі дүниетанымындағы қайта туу мен үміттің, өміршеңдік пен жаңарудың символы. Ал оның көлеңкесі адамның түп негізін, яки өзгермейтін болмысын, бастапқы санасын меңзейді. Жинақ екі бөлімнен тұрады: «Аса» бөлімінде сопылық таным мен Маңғыстау әулиелерінің рухани болмысы көрініс тапса, «Терісқақпай» бөлімінде жаңа ырғақ пен символикалық жаңғыру айқын сезіледі. Бұл кітаптағы туындыларда Маңғыстау өңірімен қатар адам мен кеңістіктің, рух пен табиғаттың, тарих пен бүгіннің арасындағы нәзік байланыс поэтикалық тілмен бейнеленген. Кітап көпшілік оқырманға арналады.
Қабай Қ. Көлеңкесіне кез болған кесіртке. – Алматы: Қазақстан Жазушылар одағы, 2025. – 264 б. – (Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы. Маңғыстау облысы).
Санаты: поэзия
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8