2026 жылы Қазақстанда ұлы қазақ ағартушысы, жазушысы және педагогы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойы аталып өтеді (ол 1841 жылғы 2 қарашада дүниеге келген).
Қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин - қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы тұлға. Жастардың сауатты, көзі ашық болғанын мұрат тұтып, осы бағытта еңбектеніп, қыруар іс атқарған ұлтымыздың біртуар перзенті. Қолыңыздағы жинаққа Ыбырай Алтынсариннің тағылымды әңгімелері мен мысалдары, өлеңдері мен ғибратты ертегілері топтастырылған. Оның шығармалары жас ұрпақты талапты, еңбекқор, төзімді, білімді, батыл болуға үндейді, адамгершілік пен ар-намысты биік қоюға шақырады.
Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. – Алматы: Мазмұндама, 2022. – 160 б.Санаты: әңгімелер
Жыл: 2022
Сақтау орны: 1ф, 12ф, 13фКатегория: рассказы