Жазушы Абай Аймағамбет «Толқынды күткен бала» атты туындысына Арал теңізінің қасіретті тағдырын арқау еткен. Автор өткен ғасырдың 60-80 жылдары аралығында өрбіген оқиғаларды өзі межелеп алған уақыт шеңберіне сыйғыза бейнелейді. Бас кейіпкер баланың басынан кешкен ғұмыры арқылы Арал бойында болған жағдайлар, теңіз бен сол өлкеге қатысы бар оқиғалар мен аңыздарды астастыра үйлестіріп, өмір шындығын туғызады. Аймақтың экологиялық зардапқа бөгіп қалғанын аяусыз әшкерелеп, жергілікті халықтың басына түскен зобалаңды да сендіре суреттейді. Шығармада махаббат желісіне де орын берілген. Түптеп келгенде, махаббат пен сағыныш туынды ның өн бойына тартылған алтын арқау. Жалпы, бұл шығарманы Арал ақиқаты мен Арал апатына берілген әдеби баға деп пайымдауға болады.
Аймағамбет А.Толқынды күткен бала: повесть. – Алматы: Қазақстан Жазушылар одағы, 2025. – 320 б. – (Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы. Қызылорда облысы).
Санаты: проза
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8