Мақатаев Мұқағали
Автор Мақатаев Мұқағали

В 2026 году исполняется 95 лет со дня рождения выдающегося казахского поэта, народного любимца, классика национальной литературы - Мукагали Макатаева. Его имя навсегда вписано в историю духовной культуры Казахстана, а стихи и сегодня находят отклик в сердцах читателей разных поколений.  За свою короткую 45-летнюю жизнь он оставил колоссальный след: в его творческом багаже более 650 лирических стихотворений. Автор множества поэм, среди которых наиболее известны «Аққулар ұйықтағанда» (Когда спят лебеди), «Райымбек! Райымбек!», «Мавр» и «Моцарт. Жан азасы» (Реквием Моцарта). При жизни вышло несколько книг (например, «Ильич», «Ласточка моя», «Жизнь-поэма»), а посмертно был издан сборник прозы «Две ласточки» (1988). На его стихи написано множество популярных песен (например, «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың»). Поэт ушел из жизни в возрасте 45 лет, но его произведения стали настоящим народным достоянием. 

 

Список литературы:

 

Өмірдастан
"Мұқағали Мақатаев соңғы жылдарда өз үні, өз әуенімен қазақ поэзиясына кеп қосылған белгілі лирик ақындарымыздың бірі. Оның өлеңдері мен поэмалары тереңнен сыр тартар нәзіктігімен оқырман қауымның ілтифатына ие болды. "Өмірдастан" атты бұл кітапқа ақынның өлеңдері мен поэмаларының ең тәуірлері іріктеліп алынды." Ұлы Мұқаңның көзі тірісінде жарық көрген екен. "Өшеді өлең, немесе көшеді өлең" деп ақынның өзі болжағандай, Мұқағали жырлары уақыт көші алға жылжыған сайын қанатын кеңге жауып, биіктеп барады. Көпшіліктің сұрауы бойынша "Өмірдастан" оқырмандарына еш өзгеріссіз қайта ұсынылып отыр.


Мақатаев М. Өмірдастан. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2015. – 232 б.
Санаты: көркем әдебиет
Жыл: 2015
Сақтау орны: аб, ф2, ф8, ф16

 


Махаббат сазы
Бүгінде Мұқағали Мақатаев есімі қазақ поэзиясының символы іспеттес. Алғашқы жекелеген өлеңдері мен поэ­тикалық кітаптарынан-ақ қайталанбас Мұқағали үні ай­қын­далды. Тазалық пен айқындылық, адам се­зімдерінің тұңғиығына бойлай білу мен сезінудегі қа­ра­­пайымдылығы ға­ламат поэзиямен танысқан кез кел­ген оқырманды сөзсіз таң қалдырады. Күйінішке ор­тақтасу, бірге қиналу, жақ­­сылық жасау, қайырымды болу – ақынның адамды бағалаудағы және тұтас шығар­машылық арқауының басты критерийі болды. Мұқағали Мақатаев махаббат пен достықты, поэзия мен табиғатты жырлады. Бірақ оның шығармашылығында Отан тақырыбы ерекше орын алады. Ақын поэзиясы – өзі өсіп-өнген туған жеріне деген шексіз махаббатының дәлелі. Мақатаев поэзиясы негізінен туған елі мен туған тіліне деген махаббаттан құралған отансүйгіштік сезімге толы. Мұқағали Мақатаевтың үздік лирикалық жырларынан құралған бұл жинақ жалпы оқырман қауымына және поэтикалық сөзді бағалай білетіндерге арналған.

Мақатаев М. Махаббат сазы. – Алматы: Олжас кітапханасы, 2013. – 168 б.
Санаты: көркем әдебиет
Жыл: 2013
Сақтау орны: аб, ф2, ф8, ф11, ф16

 


Жыр кітабы
Қазақ поэзиясының Хантәңірісі Мұқағали сегізінші ондыққа бет алып, ұлт ақыны атанып, ұрпағына өлеңін қалдырып отыр. Ақын елуге жетпеген ғұмырында қара өлеңнің көсегесін көгертіп, түу алыстан түңілігін желпілдтіп, ақ отауын тікті. «Қалқам, мен Лермонтов та, Пушкин де емен» деп қазақи кішілікке слынса да әдебиет деген әлемде қара өлеңмен тағдырды ерекше сипатпен табыстыра жырлап, қоғамның бетіне үңілген ақын төртінші ондықта өмірден озса, жыр-ғұмырға тағы төрт ондық қосылды. Ел өсті, әдебиет тізгінін босатты, қоғам шынжырын сындырды. Қай дәуірде өмір сүрсе де тыныштықты ұйқыдағы сәбидің келбетіне ұқсатқан ақынның ғаламға тыныштық пен сұлулық тілеген жыр сөзі, міне, сіздердің қолдарыңызда! «35 күз, 35 қыс, 35 жас. Осал өмір емес-ау отыз бес жас» деп кеткен Мұқағалидың ғұмырлық жырларымен беттесіп отырсыз, қадірлі оқырман!

Мақатаев М. Жыр кітабы. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2011. – 624 б.
Санаты: көркем әдебиет
Жыл: 2011
Сақтау орны: аб, ф8

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР