«Кең дала бесігі – Қазақстан» эрудиттер турнирі
22 қазан күні №8 кітапхана-филиалында Республика күні мерекесі қарсаңында Н. Тілендиева атыңдағы Балалар музыкалық мектеп оқушыларына үшін «Кең дала бесігі – Қазақстан» атты эрудиттер турнирі өтті. Кітапханашы мерекенің тарихы туралы қысқаша айтып беріп, қатысушыларға топтарға бөлінуді ұсынды. Турнир бірнеше тақырыптық бөлімнен тұрды. «Отан тарихы» бөлімі маңызды даталар, тарихи тұлғалар мен оқиғаларға арналған викторина түрінде өтті. Оқушыларға ерекше ұнаған «География және мәдениет» бөлімінде Қазақстан қаласын сурет бойынша табу және қазақстандық ақын-жазушылар туралы кроссворд шешу тапсырмалары болды. Оқушылар Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Ең жоғары белсенділік пен дәл жауаптарды олар «Рәміздер мен дәстүрлер» бөлімінде көрсетті. Іс-шара қатысушыларға Республика күні мерекесінің маңыздылығын еске салып, патриоттық тәрбие берудің тиімді құралына айналды.