«Өз мамандығыма шақырамын» кітапханалық сабақ

08.11.2025 15:10 Администратор библиотеки
«Өз мамандығыма шақырамын» кітапханалық сабақ

7 қараша күні Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері №2 ЖББМ 2–3 сынып оқушылары үшін «Өз мамандығыма шақырамын» атты кітапхана сабағын өткізді. Іс-шара балаларды кітапханашы мамандығының маңыздылығы және оның көпқырлылығымен таныстыруға арналды. Сабақ әр адамның өміріндегі еңбектің маңызы туралы әңгімеден басталды. Кейін кітапханашылар оқушыларды өздерінің тамаша мамандығының тарихымен таныстырды. Бұл мамандықтың бастауын алғашқы кітаптардың пайда болу дәуірінен алатыны айтылды. Оқушылар кітапханада табысты еңбек ету үшін қандай дағдылар, қабілеттер мен білім қажет екенін білді. Кітапханашының жұмысын тереңірек түсіну мақсатында балаларға шынайы кітапханашы рөліне еніп, бірнеше тапсырманы орындау ұсынылды. Қатысушылар «Атауды тап», «Мақалды аяқта» байқауларында бақ сынасып, «Әңгімеші» және «Көрме» тапсырмаларында шығармашылық қабілеттерін көрсетті, ал «Актерлік шеберлік» конкурсында өз өнерлерін ортаға салды. Сабақ барысында оқушылар кітапханашы мамандығының қаншалықты қызықты, жан-жақты әрі қоғам үшін қажет екенін түсінді. Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері балаларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, олардың кейбірі болашақта өздерінің өмірлік жолын дәл осы кітапхана ісімен байланыстырады деген үміт білдірді.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР