«Арман елін құру жолында» ақпарат сағаты
22 қазан күні Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Шахтинск қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» барып, Республика күніне арналған «Арман елін құру жолында» атты ақпарат сағатын өткізді. Кітапханашы мерекенің шығу тарихы туралы айтып, қоғамның дамуына әсер еткен маңызды оқиғаларға тоқталды. «Біздің Қазақстан» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалды. Қатысушылармен бірге «Білемін, мақтанамын» атты викторина өткізілді. Онда қариялар еліміздің тарихындағы маңызды сәттерді еске алды. «Қазақстан Республикасы күні. Тарих ізімен» атты бейнеролик арқылы қатысушылар ел тарихына тереңірек үңілді. Соңында кітапханашы баршаға мықты денсаулық пен бейбіт аспан тіледі.