«Бүлдіршіндерге арналған жаңа кітаптар» медиа-шолу

29.10.2025 16:42 Администратор библиотеки
«Бүлдіршіндерге арналған жаңа кітаптар» медиа-шолу

29 қазан күні Шахан кентінің кітапхана-филиалы әлеуметтік желілерде ата-аналарға арналған «Бүлдіршіндерге арналған жаңа кітаптар» атты медиа-шолу өткізді. Шара барысында кітапханашы  кітаптың баланың өміріндегі маңызын және отбасында бірге кітап оқу дәстүрінің қажеттілігін атап өтті. Медиа-шолу кезінде балалар әдебиетінің жаңа басылымдары таныстырылып, ата-аналарға баланың достық, ізеттілік, батылдық және өзара көмек секілді адами қасиеттерін қалыптастыруға көмектесетін қызықты әрі тәрбиелік мәні зор кітаптар ұсынылды. Түстері қанық, көркем иллюстрациялармен безендірілген бұл басылымдар жас оқырмандардың көңілінен шығатыны сөзсіз. Кітапханашы ата-аналарды балаларына жиі кітап оқып беруге, ал отбасылық кітап оқу дәстүрін ұрпақ тәрбиесіндегі ең жақсы игі әдеттердің бірі етуге шақырды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР