«Қазақ жері - бесігім» Интеллектуалды-танымдық ойын

22.10.2025 15:57 Администратор библиотеки
«Қазақ жері - бесігім» Интеллектуалды-танымдық ойын

Республика күні қарсаңында, №7 ЖББМ 10 сынып оқушыларымен, «Қазақ жері - бесігім» брейн-ринг форматында қызықты зияткерлік ойын өтті!
Екі команда үздік атағы үшін жарысқа қатысып, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ұлы адамдар, Қазақстанның символикасы мен табиғаты, қалалар және тарихтың айтулы күндері тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді. 4-ші тур - "Жорға" ерекше қызығушылық тудырды, онда қатысушылар қатарынан 15 сұраққа найзағайдай жылдам жауап беруі тиіс еді! Ойын қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетті. Барлық қатысушыларды тамаша ойынмен құттықтаймыз және жаңа зияткерлік жеңістер тілейміз!

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР