«Сафари туры: ақпарат іздеушілер» ақпараттық сауаттылық сабағы.
1 қазанда №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері №11 ЖББМ КММ оқушылары үшін «Сафари туры: ақпарат іздеушілер» атты ақпараттық сауаттылық сабағын өткізді. Кітапханашы кітапханалық сафари туры - бұл білімге, яғни ақпаратқа кітаптар арқылы «аңшылық» жасау, ақпаратты іздеп табу үдерісі екенін айтты. Ақпаратты іздеу үшін «Шахтинск ОКЖ» КММ «Балалық шақ әлемі» беті, «Электрондық каталог» таңдалды. Оқушылар түрлі сөздіктермен танысып, кейбір сөздерді өз бетінше іздеп тауып, олардың дұрыс жазылуын тексерді. Сабақ соңында балалар көңілді музыкалық сергіту сәтіне қатысып, «Эмодзи арқылы тап» атты қызықты викторинада өз білімдерін көрсетті. Сабақ мазмұнды, қызықты және көңілді өтті.