Еңбек күніне арналған «Болашаққа билет» кәсіби турнирі.
27 қыркүйекте №16 кітапхана - филиалының қызметкері №11 ЖББМ КММ 7 сынып оқушылары үшін Еңбек күніне орай «Болашаққа билет» кәсіби турнирін өткізді. Кітапханашы сұранысқа ие, жаңа, сәнді және жоғары жалақы төленетін мамандықтар туралы қысқаша шолу жасады. Одан кейін оқушылар кәсіби турнирге қатысты. Ойын 4 турдан тұрды: 1-тур: «Мамандықты тап», «Шатасқан сөздер», «Ол – ер, ол – әйел»; 2-тур: «Бір әріптен басталатын мамандықтар», «Мамандық-синонимдер»; 3-тур: «Жұмыс берушімен сұхбат», «Кәсіби қасиеттер»; 4-тур: «Ең, ең…», «Мақалды жалғастыр». Іс-шара қызықты әрі тартымды өтті.