Дөңгелек үстел «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз. Біз адалдық пен парасаттылықты қолдаймыз».

20.11.2025 14:46 Администратор библиотеки
Дөңгелек үстел «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз. Біз адалдық пен парасаттылықты қолдаймыз».

Дөңгелек үстел «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз. Біз адалдық пен парасаттылықты қолдаймыз». 20 қарашада №16 кітапхана- филиалының қызметкерлері жастарға арналған «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз. Біз адалдық пен парасаттылықты қолдаймыз» атты дөңгелек үстел өткізді. Жүргізуші «сыбайлас жемқорлық» ұғымын анықтап, оның қоғамға тигізетін салдарын түсіндірді және адалдық пен парасаттылық құндылықтарын талқылауды ұйымдастырды. Мысал ретінде оқу орындарындағы және жұмысқа орналасу кезінде кездесетін жағдайлар қаралды. Қатысушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін мен не істей аламын?» және «Адал азамат үшін ең маңызды қасиеттер қандай?» деген сұрақтарға жауап берді. Іс-шара қорытындысы бойынша адалдық пен парасаттылық қоғамды біріктіретін күш болып табылатыны атап өтілді. Соңында «Заңды оқы» атты әдебиет шолу өткізілді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР