«Еңбекқор бала» коучингі.
24 қыркүйекте № 16 кітапхана - филиалының қызметкері «Аленка» б/б «Воробушки» тобына арналған Еңбек күніне арналған «Еңбекқор бала» коучингін өткізді. Балалар «еңбек», «еңбекқорлық» ұғымдарының анықтамасын, еңбек туралы мақал-мәтелдерді білді, Насреддин Сералиевтің «Пуговицы», Мүбарак Жаманбалиновтың «Мастер золотые руки» шығармаларын тыңдап, талқылады. «Еңбек құралдары», «Мұны кім жасайды?», «Кім қайда жұмыс істейді?», «Сөзді жалғастыр», «Еңбекқор бала» тапсырмаларын орындады. Балалардың назарына «Мамандықтар мен техника туралы» көрмесі ұсынылды.