«Сәлем, сәлем, Кітаптар елі!» экскурсия

30.10.2025 12:22 Администратор библиотеки
«Сәлем, сәлем, Кітаптар елі!» экскурсия

29 қазан күні №16 кітапхана-филиалында «Сәлем, сәлем, Кітаптар елі!» атты қызықты экскурсия өтті. Іс-шараға «Аленка» балабақшасының «Подсолнушки» тобының тәрбиеленушілері қатысты. Балалар абонемент бөлімінің кітапханашысымен және ертегі кейіпкері Читалямен жылы жүздесіп, кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады. Балалар оқу және абонемент залдарымен, түрлі кітаптар мен журналдар коллекциясымен танысты, кітаптарға ұқыпты қарау ережелерін, кітапты қалай таңдау және кітапханада өзін қалай ұстау керектігін білді. Сондай-ақ олар «формуляр» сөзінің нені білдіретінін және кітапханаға қалай жазылуға болатынын үйренді. Мектепке дейінгі балалар кітапхана бөлмелерін аралап, ондағы жағдаймен танысты, кітапхананың басты байлығы — адамзаттың ең қызықты білімдері мен ақпараттары сақталған кітаптар екенін білді. Сонымен қатар ертегілер мен ертегі кейіпкерлері туралы викториналар өткізілді, онда балалар белсенді түрде қатысып отырды. Шараның соңында оларға «Мойдодыр» мультфильмі көрсетілді.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР